«Денсаулық күні»
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану-деніміздің сау болуының негізгі кепілі. Осы мақсатты алға тарта отырып, №64 мектеп-лицейінде мектепішілік дене шынықтыру бірлестігінің ұйымдастыруымен «Салауатты өмір салты, табыстың кепілі» атты «Денсаулық күні» өтті. 5-11 сыныптар арасында әр ауысым бойынша көңілді старт, волейбол, пионербол, футбол ойындары өткізіліп, салауатты өмір салты насихатталды. Төменде көрсетілген нәтиже бойынша жеткен сыныптарды жеңістеріңізбен шын жүректен құтықтаймыз!
«Көңілді сөре» сайысы бойынша 5 сыныптар аралығында І орын- 5 «М», ІІ орын - 5 «Ғ» ІІІ орын – 5 «Г». 6 сыныптар арасында І орын- 6 «Б», 6 «Ж», ІІ орын – 6 «д», 6 «А», ІІІ орын – 6 «Г», 6 «Ғ», 6 «Ә». «Футбол» ойыны ұлдар арасында 7 сыныптар бойынша І орын -7 «Г», ІІ орын -7 «А», ІІІ орын -7 «Ә». Қыздар арасында «Пионербол» ойынынан І орын – 7 «Ж», ІІ орын – 7 «Е»,
ІІІ орын – 7 «М». 8 сыныптар арасында «Футбол» ойыны бойынша І орын 8 «Д», ІІ орын – 8 «К» ІІІ орын – 8 «Ә». Қыздар арасында «Пионербол» ойынынан І орын- 8 «К», ІІ орын – 8 «Г»,ІІІ орын – 8 «М».9 сыныптар арасында «Футбол» ойынынан І орын - 9 «А», ІІ орын- 9 «В», ІІІ орын – 9 «Б».Қыздар арасында «Волейбол» ойынынан І орын- 9 «Б», ІІ орын – 9 «М», ІІІ орын- 9 «Г».10 сыныптар арасында ұлдар ойнаған «Футбол» ойыны І орын – 10 «Ә», ІІ орын – 10 «б», ІІІ орын – 11 «в». «Пионербол» қыздар 10 сыныптар І орын – 10 «а», ІІ орын – 10 «ә», ІІІ орын – 11.
Оқушылар арасындағы жарыс өте қызықты, тартысты ойын болды. Ойын барысында сыныптар командалық ұйымшылдықты, шеберлікті көрсете білді. Жарыс соңында жеңімпазбен жүлдегер командалар анықталып, сыйлықтарға, марапаттау қағаздарына ие болды.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии