Тіл мерекесі еліміздің ең жарқын мерекелерінің бірі, себебі тіл-ұлттың жаны, халықтығының асыл бейнесі,тыныс тіршілігінің көзі. Осындай мәртебелі мерекеге бастауыш сынып бірлестігі өз үлесін қосты. 1-ші сынып жетекшілері «Тілім-тірегім» атты үнпарақ шығарса, 2-4 сыныптарда «Мәнерлеп оқу» сайысы болды.
2-ші сыныптар бойынша 1-орын – Ошақбай Әмина сынып жетекшісі: Шингина Ажар.
3-ші сыныптар бойынша 1-орын–Асан Мейіржан сынып жетекшісі: Ахметкалиева Мара.
4-ші сыныптар бойынша 1-орын –Барлықбаев Арыстай сынып жетекшісі: Кажуева Айсұлу Хайыргелдіқызы.
Оқушылар көркем шығармаларды нақышына келтіріп оқып, өз білім-біліктерін көрсетті. Осы игі іс-шараны ұйымдастырған бірлестік жетекшісі Аубакирова Маржан Қалтайқызы.
Апталық соңында барлық сынып жетекшілері тағылым-таным сағаттарын өткізді. Әр оқушы ана тіліміздің ғажаптығын түсінді. Тіл мәртебесі мәңгілік биік болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"