Өнер тарландарымен қызықты кездесу
Колледжде 2016 жылдың 19 қыркүйегінде 1 курс студенттеріне арналған "Тіл - тәуелсіздік тұтқасы" атты Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қ. Қуанышпаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының танымал актерлерімен кездесу өтті. Олар: Жанат Ансабайқызы Чайкина, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген артисі, Гаухар Айдаржанқызы Жүсіпова, актриса, Аманжол Бөкешұлы Молдахмет, актер. Студенттер осындай талантты, дарынды өнер тарландарына деген тілектерін, көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікірталас туғызуға үлкен мүмкіндік туды.
Бұл кездесу 2016 жылдың 19-29 аралығында өтетін "Тіл - тәуелсіздік тұтқасы" ұранымен өтуді жоспарлап отырған Тілдер онкүндігінің бетпердесін ашты десе де болады. Көпшіліктің көкейіне талай ой салған осы іс-шара өте қызықты өтті.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии