Жастарды ақпараттандыруға арналған кездесу
2016 жылдың 9 қыркүйек айында бірінші курс студенттер үшін Абсалиев Н.С. полиция подполковнигі, Рахимжанов Р.А. ювенальді полиция аға инспекторы, Байгониров Н.А. ОАП лейтенант инспекторының қатысуымен "Отбасы күні", "Кәмілетке толмаған жасөспірімнің жыныстық қатынасы", "Тұрмыстық зорлық, кәмілетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық" тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері жасөспірімдерге 8 қыркүйек күні Қазақстанда алғашқы рет Отбасы күні тойланытыны жайлы айтып өтті. Мемлекет Елбасының Жарғысы бойынша бұл күн қыркүйек айының екінші аптаның демалысында аталып өтіледі.
Білім алушылармен сұхбаттасу барысында Байгониров ОАП лейтенант инспекторы жастардың жыныстық қатынасқа баруының негізгі себептерінің бірі ол отбасы тәрбиесінің жеткіліксіздігі және ата-анасының тарапынан аз көніл бөлінуі, бейәдеп ақпараттарға қол жетімділігі.
Басылым ақпараттар таратылды. Білім алушылар белсене қатысып сұрақтар қойды және өз жауаптарын алды.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии