Тілдер мерекесі аясында ағылшын тілі әдістемелік бірлестігі «Мәңгілік елдің көптілді жастары» тақырыбында «Полиглот» ойынын өткізді. Мектептің салтанат залында өткен шараға жас мамандар қатысты. Қатысушылар өзін ағылшын тілінде таныстырып, ағылшынша өлең оқыды. Келесі кезеңде өз өнерлерін көрсетіп, мақал-мәтелдерді жалғастырып, үш тілде айтып шықты. Жас мұғалімдер жаңа қырынан танылып, жиналған оқушыларды сан түрлі өнерлерімен тамсандырды.