Жақында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайысқа ата-аналар мен оқушылар қатысты. Мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара барысында оқушылар өлең оқып, ән айтып, би биледі.