Тілдер фестивалінің іс-шара жоспарына сәйкес қыркүйектің 19-күні гимназияда қазақ тілі мұғалімдері Камиева Гүлсара Төлеутайқызы мен Магзумова Зияда Жұмабекқызы 5- сыныптар арасында тілдер мерекесіне арналған «Тіл-достықтың көпірі» атты сыныптан тыс іс-шарасын өткізді. Іс-шара 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең «Өзін-өзі таныстыру, 2-кезең- «Тіл-достықтың көпірі» атты қабырға газетін шығару, қорғау,3 - кезең «Бәйге».
Балалар әр түрлі тілде тақпақ оқып, әр түрлі танымдық сұрақтарға жауап берді.
Қатысушылар өз білімдерін сынады, сайыста жеңімпаздар анықталды. Оқушылар сайыс барысында топта ұйымшылдықпен жұмыс жасады. Тілдер мерекесіне арналған 5- сыныптар арасындағы іс-шара тартымды, мазмұнды өтті.
Аталмыш іс-шара соңы мерекелік шараға ұласып, белсене араласқан барлық сыныптардағы оқушылары мақтау қағаздармен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"