«XI Ұлттық Дельфий ойындары» жеңіс сыйлады
Астана қаласында Республика деңгейінде «Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған XI Ұлттық Дельфий ойындары» өткізілді. Жарысқа екі номинация бағытында оқушылар қатыстырылды. «Ұлттық көркем өнер және қолөнер» номинациясы бойынша жетекші №69 мектеп-гимназияның технология пәні мұғалімі Туленова Аяулым Бейбітқызы, «Халықтық ән айту» номинациясы бойынша жетекші музыка пәні мұғалімі Мұсабек Мираш.
Ойынға қатысушы үміткерлеріміз – Дельфийлік ойындарының жеңімпаздары атанды. А.Б.Туленованың дайындаған шәкірттері Бексұлтанова Айым, Бұдабайқызы Назым, Ізбасарова Алима қатысқаны үшін сертификатпен марапатталса, 8 «Г» сынып оқушысы Бексұлтанова Айым ІІ орын яғни күміс медаль иегері атанды. Мұсабек Мираш үкілеген 5 «В» сынып оқушысы Үзбен Ахмет дипломмен марапатталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии