
![]() |
![]() |
Әдістемелік бірлестігінің жұмыс тақырыбы:
Тиімді технологияларды пайдалана отырып оқушылардың білім сапасын арттыру және тәрбиелі тұлға қалыптастыру
Мақсаты: Оқушының білім - білік дағдылары мен тәрбие үрдісін жүйелі түрде ұйымдастыру.
Міндеттері:
Апталықтың мақсаты: «БжС технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру».
Бастауыш сынып мұғалімдері апталық жоспарын құра отыра, алдына келесі міндеттерді қойды:
- оқушының оқуға деген қызығушылығын арттыру;
- сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отыра, барлық балаларды оқу және тәрбие үдерісіне тарту.
Апталықтың жоспары:
5. Апталықтың жабылуы.
Әдістемелік бірлестіктің жоспары бойынша бастауыш бірлестігінің апталығы 3-4 сыныптар аралығында өткізілді. Өткізілген күні: 19-24.10. 2015 жыл.
Бастауыш мектеп- білім,дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Бастауыш мектептің міндеті-жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сезімін нығайту, іскерлігі мендүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше,осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға- ұстаз. Осы міндеттерді абыроймен орындау үшін ұстаздар қауымы оқу –тәрбие үрдісінде жаңа әдіс –тәсілдерді қолдану керектігі анық. Осы орайда біздің №24 орта мектебінде «Білім негізі-бастауышта» тақырыбында бастауыш буында апталық болып өтті.
ӘБ-тегі 8 ұстаз сабақ берудегі шеберліктерін шыңдау мақсатында ашық сабақтар үлгісін көрсетті. Әрбір ұстаз сабақ беруде жүйелі түрде оқытатын пәнінің ғылыми-теориялық деңгейін,пәнаралық байланыстардың қолданылуы, өтілген материалды кеңінен, тереңінен түсіндіру,оқушылардың танымдылық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуге үйренуге мүмкіндік бере отырып мақсаттарына жетті. Сабақтар өте тартымды, жүйелі өткізілді.Апталыққа толығырақ тоқтала кетсек:


Бейсмолдаева А.т математика пәнінен «Үлес» тақырыбында өткізген ашық сабағында оқушылар интерактивті тақтаны пайдаланып, бөлудің жазбаша тәсілдерін, шығармашылық жұмыстарын өздігінен қалай жасайтынын, балалардың арасында алғыр, зерек өз ойын ұялмай жеткізе білетін балалардың көптігі мұғалімдерді қуантты.
![]() |
![]() |
Ал әдебиеттік оқу пәнінен өткізілген Г.Б.Шакетованың сабағы БжС технологиясы бойынша өткізілді. Ауызша бір картасы бойынша оқушылар өте жақсы жаттыққаны байқалады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |

Математика пәнінен М.Б.Досболова Биоинтернет картасы бойынша ашық сабақ көрсетті.Сабаққа оқушылар өте шапшаң әрі қызығып қатысып отырды.
![]() |
![]() |
Тек қана ашық сабақтар ғана емес сыныптан тыс жұмыстар да жүргізілді.Соның бірі 2 сыныптар аралығында өткізілген «Алтын күз» сайысы.Сайысқа қатысқан оқушылар іс-шараға сай эмблемалар, киімдер киіп, ұрандарын асқақтатты.Сайыста ата - аналар тарапынан ризашылық білдіріп осындай сайыстар көптеп ұйымдастырылса деген өтініштерін жеткізді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |

Апталықты қорытындылау кезеңі:
Бастауыш сыныптар апталығы өте әсерлі де қызықты өтті.Апталықтың жабылуында оқушылар мадақтамамен және дипломмен марапатталды. Бұл апталық бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Барлық өткізілген ашық сабақтар жаңа технологияны қолдана отырып, әсерлі өтті. Оқушылар пән бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді айтуға тұратын жайт.
Директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары: К.С.Бекназарова.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны