Дуальді оқыту жүйесі – сәттілікке бастар жол
2015 жылдың 28 қазанында колледжде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің онкүндігі аясында Арнайы пәндер оқытушысы Холова Людмила Дмитриевнаның ұйымдастыруымен«Дуальды оқыту жүесі» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға Астана қаласының «Арқа» мейрамханалар желісінің өкілдері Байтоков Данияр Жакиянович, Тутеков Жасулан Булатович, компанияның тренинг-менеджері Ыбырай Алма Ерғазықызы, сондай-ақ колледж оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Конференцияның ашылу салтанаты колледждің аға шебері Сералимов Муратбек Есжановичтің, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі Касенова Гульбарам Сарсенбаевнаның алғы сөздерімен басталды. Іс-шара барысында Данияр Жакиянович өзі қызмет атқарып отырған мейрамхананың жұмысы туралы толығырақ мәлімет бере отырып, білім алушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Білім алушылар Қаратаева Шахноза, Бакулева Дарья, Мусаханов Рахат, Кенжебек Фарида «Дуальды оқыту жүйесі» тақырыбында дайындаған баяндамаларын оқыды.
Ары қарай Жасулан Булатович, Алма Ерғазықызы сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Соңында директордың орынбасары Хасенова Сулушаш Елеусизовна қонақтарға алғыс хаттар табыстап, конференцияны қорытындылады.


Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии