Ең үлгілі дәптерді таңда!
Мектепте қазан айының 19-ы мен 21 аралығында «Ең үлгілі дәптер» атты көрме ұйымдастырылды. Бірінші этапта 19 –шы қазан айына дейін
2-11 сынып аралығындағы оқушылар өздерінің жұмыс дәптерлерін мұғалімдерге тапсырды. Екінші этап байқауына осы дәптерлер арасынан ең жақсы дәптерлерді іріктеп алынды. Екінші этап байқауы бойынша көрме ұйымдастырылды, мектеп оқушылары мен мұғалімдер ең жақсы деген дәптерлерге дауыс берді. Осыған байланысты белгілі жетондар дайындалды дауыс берушілер дәптерлердің санын көрсету арқылы таңдады және дауыс беретін жәшікке салынды.
Осы екі күн ішінде дауыс берушілер үшін мұғалімдер бірлестігі кезекшілік ұйымдастырды. Мектеп оқушылары дауыс беруде белсенділіктерін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша дәптерлер 3 номинация арқылы таңдалды.
«Ең үлгілі дәптер 1-4 сынып оқушылары арасындағы» номинациясында келесі түрде таратылды:
1 орын-Сирик Мария (2Г, орыс тілі). 2 орын- Сайлам Алпамыс (3А, матем.) 3-орын Сагиндыкова Карина (4Ж, орыс тілі)
«Ең үлгілі дәптер 5-8 сынып оқушылары арасындағы» номинациясында:
1 орын- Болатбеков Аскар (5Д, орыс тілі), 2 орын- Рахымова Әмина (5Ә, матем). 3 орын- Симоненко Алена (6Д, орыс тілі).
«Ең үлгілі дәптер 9-11 сынып оқушылары арасындағы» номинациясында:
1 орын –Қалдыбаева Әлия (10 «Г», алгебра, физика) 2 орын –Акибаева Камилла (10 «Г», физика) 3 орын- Азенова Альмадина (10 А, алгебра).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Оқушыларға енді кімге тең келуі белгілі! Келесі байқауда енді әркім жеңіске жетуді қалайды!
Директордың ғылыми-әдістемелік меңгерушісі Алибекова Г.З.

.jpg)
.jpg)
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны