«Өмірмен үндес асқақ жырлар» Ақын Мұхтар Шаханов Ғ. Қайырбеков атындағы №2 мектеп- гимназиясында
Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны», Түрік республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін», Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО- ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері еліміздің танымал ақыны Мұхтар Шаханов №2 мектеп-гимназиясының 20 қазан 2015 ж. күні құрметті қонағы болды.
Ақынмен ілесіп келген сенімді өкілі, «Жалын» журналының директоры Мұхамеджанов Ерғали Сапарғалиұлы, «Жалын» журналының кітап бөлімінің басшысы Ахметова Сауле, сонымен қатар кездесуге қатысқан «Өрлеу» БАО әдіскері Ғалымжанов Баянғали, Білім басқарамасының әдіскері Баяхметова Күнімбала Ізтілеуқызы кештің қадірмен қонақтары болды. Ақын қонақтармен бірге мектепте ұйымдастырған Ғафу Қайырбековтың мұражайына кіріп, «Тілек кітабіне» өз қолтаңбасын қалдырды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии