Таяуда мектебімізде жаратылыстану пәндері апталығының аясында өзін өзі тану пәнінің мұғалімі Есенбаева Роза Түзелбайқызы мен география пәнінің мұғалімі Сеил Кәмшат Елтайқызының ұйымдастыруымен есте қаларлық сынып сағаты өтті. «Өмірі – өнеге, еңбегі – үлгі жастарға...» деген тақырыптағы Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері Мұхаметжан Тынышбаев туралы сынып сағаты оқушылардың өздері әзірлеген қызықты мәліметтермен басталды. Әдемі әндер айтылып, өсиетке толы өлеңдер өз мәнерінде оқылды. Слайд түрінде көрсетілген деректердің маңызы да өте зор. Тәрбие сағатының соңында ұлты үшін қызмет еткен қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі Мұхаметжан Тынышбаевтың жерлесі, мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Жанар Мұхаметбайқызы әсерлі әңгімесін баяндап берді.