Кәсіби бағдар беру – ұстаз парызы
2015 жылдың 21 қазан күні Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК-да ашық есік күні болып өтті. Бұл жолғы колледжіміздің қонағы Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілері болды. Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясы және «Верь в чудеса» атты қайырымдылық қорының қолдауымен балалар колледжімізге кәсіби бағдар алу мақсатында келген болатын. Қонақтар мен студенттер алдында ҚКХП Астана қалалық бөлімінің атқарушы хатшысы Аубакиров Марат Абдуалиевич, «Верь в чудеса» атты қайырымдылық қорының өкілі Игенбаева Ботагоз Ертаевна, сондай-ақ колледж директорының орынбасары Вильчик Ольга Валентиновна сөз сөйледі.
Ашық есік күніне 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар жайлы, соның ішінде «аспаз» мамандығы бойынша толық мағлұмат беру мақсатында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің оқытушылары мен білім алушылары шеберлік сабақтарын өткізді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии