
Жақсы болу-өзіңнен,жаман болу өзіңнен.
Өзіңді-өзің ая да,өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,Мен қандаймын?-деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден, мен қандаймын?- деп ойла.
Өзіңді-өзің қолына ал,өзінсің ақыл айнасы,
Тиеді саған мәні бар,өзіңді тану пайдасы-
деп психолог Б.Әбіш өз сөзін бастай келе жоспар бойынша:
І. бөлімі «Таныстыру» тренингін жүргізіді.
ІІ.видеоролик «Все в твоих руках» көрсетіліп талқыланды.
ІІІ. Тренинг«Мен және менің өмірімдегі жаңа жағдай», «Өмірдің сәті» жаттығулары жүргізілді
IV. Видеоролик «Мультик про мотивацию в команде»көрсетіліп талқыланды.
VI « Шеңбер бойынша шапалақ» тренингі арқылы іс-шараны аяқтады.Құрметті жас мамандар мен педагогикалық ұжым! Бүгінгі іс шараға келгендеріңізге рахмет. Біз бүгін жақсы жұмыс істедік. Сол үшін өзімізге шапалақ ұрып қоялық. Ең алдымен жайлап, сосын қатты, қаттырақ соғалық. Бәсеңдетіп, тағы бәсеңдетіп, саябырлайық.
Қорытынды: Жас мамандар өз ойын әлі де толық жеткізе алмайды. Бейімделу процесі әлі де жүріп жатыр.
Ұсыныс: Жас мамандардың бейімделу процесін жылдамдату мақсатында мектеп психологтары қажетті психологиялық жұмыстар тренингтерін жүргізуі қажет
Мектеп педагог-психологтары: Б.Әбіш ,С.Күнжол.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны