Жақсы маман – болашақ кепілі
2015 жылдың 21-ші қазанында «Автокөлікке қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бөлімінің оқытушылары Астана қаласының «Балалар үйі» МКМ-нен келген қонақтарды қарсы алды. Іс-шараның мақсаты: қонақтарды мамандықпен, квалификациясымен таныстыру. ПЦК төрайымы Ю.С.Шуева мамандықтың қыр-сырын, бүгінгі таңда автомеханик мамандығы заман талап ететін, кең тараған мамандықтың бірі екенін айтып өтті. Сіздер басқа елге қоныс аударсаңыздар да, жаңа жұмысқа орналассаңыздар да егер автомеханик мамандығының дипломы болса, сіздерге жұмыс әрдайым табылады.
Арнайы пәндер оқытушылары Б.Б. Курманалиев, Р.У.Исеналиев, Т.Д. Жумажанов 4-тактілі қозғалтқыштың және рулдік басқару механизімінің жұмысын көрсетті. Тәжірибелік жұмыс өткізілетін өндірістік шеберханаларды, лабораторияларды көрсетті. Өндірістік оқу шеберлері Г.Н.Байгужина., З.К. Мухатов колледжіміздің түлегі Аслан Сарсеновпен автотренажердың қалай жұмыс атқаратынын көрсетті. Г.Н. Байгужина автотренажердың жұмысын, оқыту барысында қажеттілігін атап өтті.

Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии