Меню KDT

Новости

Главная Новости

Арайлы, Алтын күз!

Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мектебімізде «Арайлы, Алтын күз!» байқауы өз деңгейінде өтті. 5-7 сыныптар қазанның 16-күні сайысқа түссе, 8-10 сынып оқушылары 17-қазанда өнер көрсетті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Жамалиқызы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Роза Түзелбайқызы және сызу пәнінің мұғалімі Рауан Боранбайқызы қазылық жасаған кіші сыныптар таныстыру, өнер жарысы, көрме (мерекелік дастархан), сән үлгісі сияқты аталымдар бойынша сынға түсіп, нәтежиесінде 5 «Ә» сыныбының жұбы Айтбаев Асқар мен Ыбырай Меруерт арайлы алтын күздің ханзадасы мен ханшайымы болды. І орынды 5 «А» сынып оқушылары Мейрамұлы Ерсайын мен Абушахманова Гүлназ алса, ІІ орынды 5 «Б» сыныбының оқушылары Бекжан Жаханбек пен Өмірбек Ақбота және 6 «Ә» сыныбының жарасымды жұбы Байтас Диас пен Сапарбекова Дильназ иемденді. Ал ІІІ орынды 6 «Б» сыныбынан шыққан Серік Есенболат пен Тулегенова Айгерім, 6 «В» сыныбының қатысушылары Жақияұлы Рауан мен Мұратбекова Аяулым, 7 «А» сыныбының оқушылары Мұратұлы Азамат пен Көмекбаева Ақнұр алды.

Жоғары сыныптардың арасындағы «Алтын күз» шарасы да өте қызықты өтті. Үш кезеңнен тұрған байқау талаптарының алғашқысы ортақ би болды, яғни барлық жұптар бірдей вальс биледі, келесі айналым импровизациялы биде барлық жұптарға әртүрлі әуендер қосылып, ең үйлесімді билеген жұптарға жоғарғы ұпайлар қойылды. Ең қызықтысы бейнесайыста кез келген фильмге, клипке немесе мультфильмге пародия ретінде түсірілген роликтер көрсетілді. Әділқазылардың шешімі бойынша 10 «Ә» сыныбының оқушылары Ыбырай Данияр мен Құлынтаева Динара бас жүлдемен марапатталды. І орынды 9 «А» сыныбының жұбы Мажитов Дильнур мен Балабекова Толғанай алды. ІІ орынды 8 «А» сыныбының атынан шыққан Айтқазин Рахат пен Мұхит Толқын және 9 «Ә» сынып оқушылары Нұрбеков Бахтияр мен Шәріп Жанерке бөлісті. ІІІ орынды 8 «Ә» сыныбының жұбы Төленді Мәди мен Ризина Зарина, 9 «Б» сынып оқушылары Достанов Мәди мен Абишева Үмітжан, 10 «А» сыныбының жұбы Аманжол Әділет пен Карибаева Аяна алды. Өнер жарысына қатысқан барша үміткерлерге алғысымыз шексіз!  

           

           

           

           

           

Тәлімгер: Қажгереева З.
Ұйымдастырушы педагог: Сағидолда Қ.

 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны