Меню KDT

Новости

Главная Новости

Жоғары сұраныстағы мамандық

Кей мамандықтарға қарағанда «аспаз» мамандығы жоғары сұранысқа ие, жауапкершілікті, ұқыптылықты, аса талғампаздықты қажет ететін мамандықтардың бірі. Нағыз аспаз тек теоретик қана емес, сондай-ақ, ғажап практик болуы да керек.
Шебер аспаз өзіндік асханасын барлық жағынан терең меңгеріп, астың дайындалу жолдарын, дайын асты әсемдеп, тұтынушыға ұсыну тәсілдерін аса ұқыптылықпен орындауы керек.
Ол өзінде ұстамдылық, ізденімпаздық, өзін-өзі жетілдіру, шығармашылыққа әуестігін бойына сіңдіре отырып, аталған қасиеттердің бәрін өн бойында  ұштастыра білуі қажет.
Шебер аспаз қарамаңындағы көмекшілерінің бойында келесідей қасиеттердің болғанын қалайды және талап етеді:
«Жақсы мейрамханаларда қиын кедергілерден тосылмай өтіп, тәжірибелі болуы», «аспаздық мектебінен алған жан-жақтылығының болуы», «ұстазының жақсы қасиеттерін өзіне сіңіре білуі», «көмекшісінің ұстазы берген тәлімін тез әрі сапалы меңгеріп кетуі», «әрдайым үйренуден, ізденуден жалықпауы, әрі адамдарға дәмді асты дайындап, содан ләззат алуына жеткізе білуі»  сияқты әрекеттерді күтеді.
«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының білім алушылары өндірістік тәжірибеден өтеді. 3 ОПП-113 тобында 22 білім алушы бар. Олардың тоғызы қаланың кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтуде, атап айтсақ «PEPPERONI» пиццериясы, «LENE BREW» мейрамханасы, «Ағажай» дәмханасы, «Империал» казиносы. 3 білім алушы колледжіміздің «білім алушылар» буфетінде, 4 білім алушы «оқу-өндірістік комбинатында, ал, 2 білім алушы Щучье қаласындағы «Мозаика» цехында өндірістік тәжірибеден өтуде.
Аспаздар – қарапайым азық-түліктен ғажап тағамдар әзірлей алатын керемет сиқыршылар десек артық айтпаған болар едік. Аспаз –  технологиялық ережелерге, қатаң түрде дайындалған ас мәзіріне сай тағам әзірлейтін маман ғана емес, сондай-ақ, өз мамандығына жауапкершілікпен қарайтын, өз ісін сүйе отырып, содан нағыз рахат ала білетін адам баласының жүрегінен ас әзірлеу арқылы орын алып жүрген мамандық иесі.



Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны