ҚР білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Сүйемін туған тілді – анам тілін...» тақырыбындағы республикалық интернет-байқауға «Менің жазба туындым» номинациясы бойынша колледждің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы А.Б.Нұрқасымова өзі шығарған өлеңдерімен қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.
