Апталықтың алғашқы іс-шарасын ӘБ жетекшісі Жаңабек Д.Ә «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» тақырыбындағы ұстаздар күніне арналған мерекелік -сазды кешпен бастады. Іс-шара №26 қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде өтті. Іс-шараны мұғалім 6-сынып оқушыларымен ұйымдастырған.Мақсаты: Оқушыларға ұстаздардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.Мұғалім бұл мақсатқа толық жетті. Іс-шара концерттік номерлерге өте бай екен. Оқушылар ұстаздың бір күніне арнап көрініс құрды. Келген қонақтардан, яғни құрметті ұстаздардан интервью алды. Мерекелік іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Нұрышева А.Қ, жас мамандар: Азубаев Р.Т, Тұрабекова Д.Д,Эргашев Е, биология пәнінің мұғалімі Ибраимова Ұ.А, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Алина А. қатысты.
Тәжірибелі ұстаз Есетова О.Ф қазанның жетісінде 3-сабақта 10 «А» сыныбымен «БиС» технологиясы бойынша ашық сабақ өтті.Сыныпта 29 оқушы, 4-еуі жоқ. Барлығы 25 оқушы қатысты.Сабақтың тақырыбы «Сүйінбай-айтыс өнерінің шебері». Сабақты көшбасшының тілегімен бастады.Екпінділер саны 16 екен. 63% - 16 оқушы. Бірінші кезеңде қиылысу сұрақтар қойылды.Үй тапсырмасын тексеру болып саналады. БиС технологиясы бойынша сабақ 5 кезеңнен тұрады. Сабақ соңында кезең нәтижесі төмендегідей.
I кезең 16 23 | ООМ» (орынға отырғызу матрицасын) түсіндіру. Әр |
II кезең 25 | тапсырмаға «+» белгісін қою |
III кезең 21 IV кезең 23 V кезең 22 |
![]() |
Белгілер бойынша | 4,5 белгі= «5», 3 белгі= «4», 2 белгі= «3», 0-1 белгі= «2» |
7 қазанда 7-сыныптар арасында Тұрабекова Д.Д «Жігіт сұлтаны» сайысын өткізді. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. «Таныстыру», «Күш атасы», «Өнерлі өрге жүзер», «Білімділер», «Мақал –мәтелдер сайысы» деген кезеңдер болды. Оқушылар өздерін мәнерлі сөз өрнектерімен таныстырды. Ән айтып, өлең оқыған оқушылар болды. Бас жүлдені 7 «А» сынып оқушысы Махамбетов Тұржан есімді оқушы иеленді.
8 қазанда 7 «Б» сыныбымен Тұрабекова Д.Д қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өтті. Тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» өлеңі
Сабаққа Нұрышева А.Қ және Жаңабек Д.Ә қатысты. Сабақ алдымен «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» сөзінің қыры мен сырына тоқталудан басталды. Абай өмірі мен шығармашылығы жайлы хронологиялық кесте тұрды. Сол кесте бойынша оқушылардың есте сақтау қабілетін тексерді. Мұғалім сабақта Абай өлеңдерінің Мүрсейіт қолжазбасының нұсқаларымен салыстырды.Сондай-ақ Абайдың 3 күйі және 28 әні бар екендігі туралы тоқталды. Тақырыпқа байланысты әннің қырғыз, өзбек, азербайжан тілінде аудармалары бар екені айтылып өтті. Практикалық кезеңде оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысты. Сабақ өте қызықты өтті. Деңгейлік курстан өтпесе де, сабағы курстан өткен мұғалімдердің сабағынан кем болған жоқ.
9 қазанда I ауысымда сағ 12 00 9-10 сыныптармен тәжірибелі ұстаз Есетова О.Ф ұйымдастыруында «Ұлы халықтың –ұлы Абайы» тақырыбында әдеби – сазды кеш өтті. Кеште Абайдың шығармалары кеңінен дәріптелді. Абай туралы қызықты мәліметтер айтылды. «Өлең - сөздің патшасы» айдары бойынша әдеби монтаж болды. Абайдың әндері шырқалды, тіпті Абай мен Әйгерімнің алғашқы кездесулері туралы көрініс те қойып берді. Көрініс өте жақсы шықты. Оқушылар образға кіріп сомдады. Сейіткаримова Айшанұр Абайдың 37- қарасөзін өте әсерлі етіп жеткізді. Көрермендер сөз қадірін ұғып, ұйып тыңдап отырды. Соңынан директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрышева А.Қ өте мәнді кеш болғандығын айтып, белсенді оқушыларға сыйлықтар берді.
10 қазанда I ауысымның 5- сабағында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сагитова З.К және ӘБ мүшелері №26 қазақ тілі мен әдебиеті кабинетінде «Қазақ тілі – ажарым, қасиетім,қанатым» тақырыбындағы апталықтың қорытындысын талдады. Жеткен жетістіктері мен кеткен кемшіліктері туралы айтылды. Апталық аясында ұйымдастырылған мектепішілік «Жас ақындар» сайысының қорытындысын шығарды. 1-қабатта арнайы қорапша жасалған. Оны сайыстың шарты бойынша жұма күні шешіп алып, сараптама жасап, жүлделі орындар берілді. Нәтижесі төмендегідей.
I орын - 10 «А» сынып оқушысы Алхабек Айжан
II орын - 8 «А» сынып оқушысы Сембек Алия
III орын - 7 «А» сынып оқушысы Жалғасбек Нұржамал
Ұсыныстар:
ӘБ жетекшісі: Д.Ә Жаңабек
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"