«Өзіндік ашылу» дөңгелек үстелі
«Жас маман мектебінің» жоспары бойынша колледждің тәжірибелері аз мамандарының қатысуымен кезекті отырыс дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Отырыс барысында жас мамандар өздерінің алдарына қойған 2015-2016 оқу жылғы мақсаттары мен өзекті мәселелерімен бөлісті.
Директордың ОӘЖ бойынша орынбасары Хасенова С.Е. мен әдіскер Нығметжанова Н.З. оқу үрдісіндегі қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерімен таныстырып, сабақтың құрылысы, өткізілуі жөнінде кеңес берді. Қазіргі дәстүрлі сабақтың ерекшеліктері және дәстүрлі емес сабақтың түрлері жөнінде пікір-талас ұйымдастырылып, әр жас маман өзінің тәжірибесінен болған оқиға, мысалдар келтірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии