Өзін-өзі басқару
Ұстаздар күні қарсаңында 10-11 сынып оқушылары Өзін-өзі басқару ұйымын ұйымдастырды. Мектепке келген әр мұғалімге өлең шумағын ұсынған әр оқушы жылы лебіздерін білдіріп жатты. Мұғалімдер 12 "А", 12 "Б" сыныбы болып екі сыныпқа бөлінді. Мектеп директоры болып 11 сынпы оқушысы Хасенова Алина, директордың орынбасары 10 сынып оқушысы Кэлс Аружан, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мырзабекова Мөлдір тағайындалды. Кезекшіліктен бастап ұйымдастырылған бұл күнді ерекше күн деп атауға болады. Мұғалімдерге арналған бұл сабақ сағат 09:00-де басталды. 1-ші сабақ өзін-өзі тану, 2-ші сабақ қазақ тілі. Өзін-өзі танудан 11 сынып оқушысы Серік Тұңғышбай өте жақсы жүргізе білді. Ұстаздарды оқушы санап "Егер мен мұғалім болсам......" деген тақырыпта эссе жаздырды. Өзін- өзі тану пәнінен берген 11 сынып оқушылары Балақойшиева Жұлдыз және Мукашева Мадина сергіту сәтінен бастады. Балалық кездерін сағынған мұғалімдеріміз сабақта оқушы қылығын қайталады. Оқушылар ұйымдастырған сабақ қызықты әрі көңілді өтті. Мұғалімнің бойынан іздеген жақсы қасиеттерді оқушы өздері сабақ беру барысында көрсете білді. Қорытындылау бөлімі АКТ залында ұстаздарды құттықтап, ойындар өткізумен аяқталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии