Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай мектебімізде
«Ұстаз деген - ұлы есім» тақырыбында мерекелік іс- шара өтті. Мерекелік кешіміздің шымылдығын мектебіміздің директоры, ұлағатты ұстаз Умарова Алма Қайрбулатқызы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын құттықтап, құрмет білдірді. Білім берудің жетілдірілген жаңа жүйесіне сайдаму жолында зор үлес қосып жүрген ұстаздарды, білім берумен қатар, тағылымды тәлім –тәрбие түрлерін нәтижелі ұйымдастыра алған мектеп ұстаздарын марапаттады. Кеш көңіл толқытар күймен, мың бұралған бишілердің биімен, күміс көмей әншілеріміздің әнімен өз жалғасын тапты.


