Мектебіміздің ұстаздар қауымын 11-ші сынып оқушылары шын жүректен құттықтап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Оқушылардың тілектері әр ұстаздың жандүниесін нұрландырып, жүректеріне шапағат нұрын төкті. Әр шәкірт өз ұстаздарымен мақтанды, әр ұстазға ерекше теңеулер айтылды.
Сондай-ақ мектебіміздің директоры ҚР Білім үздігі және Білім беру ісінің құрметті қызметкері Зауре Жақанқызын, басқа да ұстаздарды Астана қаласы «Нұр Отан» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г. Касенов мырза «Алғыс хат»-пен марапаттады. Салтанатты жиын соңы «Ән шашу»-ға ұласты.
Құдайберді Қасиетәлі – 6 «Ә» сынып
Акмухамет Айжан – 5 «Ә» сынып
Абдисалим Ақбота – 3 «Д»
Әшірбай Мирас – 2 «В» оқушылары өз өнерлерімен қуанышқа бөледі. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты шығармашылық еңбек екенін барша мектеп ұжымы мойындаймыз.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"