Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағыты «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалына қарасты «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жанындағы филиал медицина қызметкерлері үшін «Отбасы-қоғам тірегі» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шара №59 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру ісі жөніндегі директордың орынбасары С. К. Қабажаева, психологтары Б.А.Әбіш, С.А. Күнжолдың қатысуымен өткізілді.
Аталмыш шараны филиал төрағасының бірінші орынбасары орынбасары М.Өтебаева ашып, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың аса маңызды институты делінген. Ұрпақтар сабақтастығы, жасы үлкендерге құрмет көрсету, балаларға қамқор болу, өзара қолдау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық дәл отбасында қалыптасады,-деп атап өтті.
Іс-шара барысында қазақтың ұлттық құндылықтары да дәріптелді. Ата-ананың үйдегі орны, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жан-жақты айтылып, қызу талқыланды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"