«Алтын күз-2015» жаяу туризм бойынша қалалық слеті
2015 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Ақмола облысы Ақкөл ауданының «Арман» балалар спорттық сауықтыру лагерінде жаяу туризм бойынша «Алтын күз-2015» ашық қалалық слеті өтті.
Бұл іс-шара Дүниежүзілік туризм күніне орай өткізілді. Біздің колледждің өндірістік оқыту шебері Қ.Б.Белжановтың басшылық жасауымен «үлкендер» категориясына жататын төрт білім алушысынан тұратын екі команда қатысты.
«Динамо» командасының құрамы:
Абляметова Анастасия 3 ТРМ-113
Болкунец Анастасия 3 ТРМ-113
Белова Анастасия 3 ТРМ-113
Курумбаев Арсен 3 ТРМ-113
«Созвездие» командасының құрамы:
Мухитов Артур 2 ТРА-114
Мырзабеков Данияр 3 ТРА-213
Жакупова Меруэрт 2 ТРА-114
Дюсембаева Аяужан 2 ТРА-114
Іс-шара бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші күні саяхатшылардың орын таңдап орнығуы бойынша шатыр тігу, орналасу, т.б. Екінші күні жүгіру бойынша – 11 бағыттан тұратын саяхат: тауға шығып және түсу, тауға қарай спорттық жүгіру , алғашқы медициналық көмек т.б сайыс түрлеріне қатысты. Яғни, алаңда белгілі азимуттан құрылып, арқан байлау, топографиялық белгілер, маятник, бивуакты орналастыру сияқты тапсырмаларды орындады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии