2014-2015 оқу жылында Республикалық пән олимпиадасында қатысқан оқушылардың 30%-ы 1-орынға ие болды.
Мектеп оқушылары 2014-2015 оқу жылында Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында да жоғары нәтиже көрсетті. Халықаралық олимпиадалық резервте мектебіміздің 10 сынып оқушысы Толғанбаев Шернияз география пәнінен, математика пәнінен 11 сынып оқушысы Үбініғажыпов Айдын кіріп отыр. Бұл мектеп мақтанышы екендігін қонақтар мен ата-аналарға, оқушыларға жеткізе отырып мектеп басшысы мұғалімдерді мараппаттады.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» демекші білікті маман, тәжірибелі ұстаз, өз ісінің майталманы оқу ісінің орынбасары Байулова Гулназия Сабырқызын Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері төс белгісі иегері болумен құттықтады. Ұстаздық жолда ерен еңбегіңіз бағаланып, бұдан жоғары марапаттарға ие болуына тілектестік білдірді.
Биылғы оқу жылында Халықаралық, республикалық деңгейдегі «Талантты ұстаз- дарынды оқушы» педагогикалық олимпиаданың қос жүлдегері , «Жыл мұғалімі», тарих пәнінің мұғалімі Рахимова Гүлнар Мизинбайқызының іс- тәжірибесі жастарға үлгі.
Мектеп директоры Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хатын табыстауда
«Астана Дарыны» өңірлік ғылыми –практикалық орталығының директоры М.Құрманбаеваның құттықтауы
7 сыныпқа қабылданған оқушылардың өнер көрсету сәті
«Астана Дарыны» өңірлік ғылыми –практикалық орталығының директоры М.Құрманбаева,мектеп директоры А.С.Сексенова білім сабағына қатысуда
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"