Меню KDT

Новости

Главная Новости

Сенбілік

           19 қыркүйек күні  Астана қаласының Пригорода кентінде орналасқан №24 орта мектепте де  жалпықалалық сенбілік күні өтті. 

          Тазалықтың тыңшысы болған, еліміздің көркем болуына өз үлестерін қосамыз дегендер саны жылдағыдан көп болды. Сол қатарды толықтырып, біздің №24  орта мектептің оқытушылары мен оқушылары да осы күнгі сенбілікке атсалысты.

Таңертеңгі  сағат 10:00де мектебіміздің алаңында мектеп директоры мен тәрбиеші мұғалімдердің  қатысуымен  басталған сенбілігіміз Мемлекеттік Әнұранмен ашылды.

         Әрбір сынып өздері бөлінген аумақтарға бөлініп, болар іске белшелерімен кірісті. Төменгі сыныптың балалары қоқыстарды жинап, қапшықтарға салуға көмектессе,ортаңғы сыныптар ауланы сыпырып тазалады, ал үлкен сыныптың оқушылары жас  ағаштар  отырғызып, қыз балалары оны ақтады. Сен саларда мен салар емес, бірлесіп істеп жүріп берілген аумақтарын өз уақыттарынан бұрын бітіргендері де болды.

Еліміздің таза болуына өз үлестерін қосқан алдыңғы буынның ағалары мен оқушы қауымдарға зор ризалық білдіруге тұрарлық сенбілік болып өтті десем қателеспеген болар едім.

Баланың бойын тек білім нәрімен ғана шектеп қоюға болмайды, оларды отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу әрбір ата – ана мен мына  біз тәрбиешілердің қолында деп білемін.

Еліміздің осындай қоғамдық іс- шараларына атсалысқан бүгінгі жас ұрпақтан, ертеңгі елінің  адал азаматы болатын жастарды көреміз.









                                                                                                                    Аға тәлімгер

                                                                                                          Оразкүл Маратқызы


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"