Мектебімізде Түркия Республикасының өкілдерімен кездесу өтті
2015 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті Түркия Республикасының Үкімет жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (бұдан әрі-ТІКА) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы ынтымақтастық Меморандум шеңберіндегі жоспарға сәйкес Астана және Алматы қалаларының техникалық және кәсіптік білім саласының оқу-орындарымен іс-тәжірибе алмасуға Түркия Республикасынан Ұлттық Білім министрлігінің, ТІКА-ның қызметкерлері мен кәсіптік білім саласының оқытушылары біздің мектепке келді. Қонақтарды қарсы алу, оқушылардың қатысуымен дайындаған сазды бағдарлама ұсынылды. Мектеп мұражайларына экскурсия жүргізілді. Бастауыш сынып кабинеттерін аралап, мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарымен танысты. «Шебердің қолы алтын»шеберханасы жұмысымен тәжірибе алмасу жұмысы жүргізілді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии