2015 жылы 02- 07 қыркүйек аралығында өткен
«Денсаулық апталығы» туралы есеп
№ 24 орта мектеп
№ 24 орта мектепте 2- 7 қыркүйек аралығы «Салауатты өмір салтын құптаймыз!» ұранымен «Денсаулық апталығы» өтті. Апталықтың ұраны: «Күнделікті дене қимылының белсенділігі – денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің жолы!»
Апталықтың мақсаты: жеткілікті дене қимылы белсенділігінің, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, тұрмыста және жолда қауіпсіз жүріп-тұру қырларын өзіне қоса алатын салауатты өмір салтының мәдениетін өскелең ұрпақ арасында қалыптастыру және насихаттау.![]() |
1-11 сыныптарда апталық барысында «Денсаулық –байлық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары өтті. 5 сынып оқушылары арасында «Ойла, ізде, тап» викториналық жарыс ұйымдастырылды. Оқушылар жеке және топтық құрамда бақ сынасты, яғни жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешу. Барлық тапсырмаларды үздік орындаған 5 «В» сыныбы мадақтама қағазымен марапатталды. Аға тәлімгер Каирбек О. мектеп медбикесімен бірлесеотырып 6 -7 сыныптарда «Ас- адамның арқауы» тақырыбында сауалнама жүргізді. |
Сауалнама алу мақсаты: оқушылардың дұрыс тамақтану туралы ойлары мен пікірлерін білу. Сауалнамаға қатысқан 58 оқушының бәрі «Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетін дамуына мүмкіндік береді» деген сұрағына «иә» деп жауап берді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша талдау жасалынып, мониторинг құрылды. |
![]() |
![]() |
2015 жылы 4 қыркүйекте мектеп медбикесі Кеншимова Ж.Б. мектептің мәжіліс залында 1 сынып ата- аналарына «Манту және БЦЖ екпесі» туралы баяндама оқыды. Астана қаласы Тубдиспансер орталығының фтизиопедиатр- дәрігері Мендыбаева Ж.Р. ата-аналарға туберкулездің алдын- алудағы екпенің маңыздылығы туралы дәріс оқыды. Ата- аналар маманға түрлі сұрақтар қойып, дәрігер тарапынан тиісті жауаптарын алды. |
Дене шынықтыру пәні мұғалімі Подскребкина Н.А. 3- 4 сыныптар арасында «Веселые старты» эстафеталық жарысын өткізді. Эстафета барысында оқушылар ұзындыққа секіру, доп лақтыру, тығылмақ және де басқа спорттық жаттығулар орындап, белсенділік танытты. З «В» сыныбы сүрінбей барлық сынақтардан өтіп, жеңімпаз атанды. |
![]() |
Негізгі спорттық іс- шаралар 5 қыркүйекте мектептің спорт алаңында «Салауатты өмір салтын құптаймыз!» ұранымен өтті. Салтанатты жиын мемлекеттік Гимнді орындауынан басталды және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сергазина Г.Е., Молдаханова А.Ж. қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. | ![]() |
Жауапты дене шынықтыру пәні мұғалімдері сыныптар арасында жарыстар ұйымдастырды. Атап айтқанда:
Барлық жоспарланған спорттық іс- шаралар жүзеге асып, жарыстар мен сайыстар қызықты әрі көңілді өтті. Сол қызықты сәттерден фотокөрініс:
![]() |
|
![]() |
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"