Лагерьдің бұл күні Хикаялар күні. Себебі біз бұл күні Азиа парк ойын сауық кешенінде орналасқан кинозалда 3D форматта "Хранитель солнца" атты компьютерлік қойылымдағы мультфильм тамашалауға бардық. Арнайы автобуспен жүру балалар үшін де , біз үшін де өте ыңғайлы. Директорымыз Казмухамбетова Жанат Талғатқызына алғыс білдіреміз. Балалар мультфильмді жақсы назарында ұстады. Себебі күнделікті теледидардан көретін мультфильмдердің көп саласы осы компьютер саласынан. Бұл мультфильм ерекшелігі күн жүйесі,аспан денесінің шынайы бейнесін шынайы айқындады. Табиғат әлеміне тіл бітіп үн қатады. Күннің, айдың, жұлдыздың атқаратын қызметі балаларға түсінікті ұғыммен жеткізілді. Үлкен экраннан қойылған мультфильм балаларға қатты ұнады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"