Мектеп оқушыларына бала еңбегін қанауға жол бермеу туралы ақпарат беру жұмыстары сынып жетекшілер, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог тарапынан мамыр айынан бастап жүргізілді.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалалық деңгейде ұйымдастырылған іс-шараға мектеп жанындағы лагерь оқушылары өз үлестерін қосты. Оқушылар Астаналық саябақта ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға және «Алау» мұз айдынында ұйымдастырылған ашық есік күніне қатысты. Сондай ақ мектеп алаңында ұйымдастырылған «Қош келдің, жаз!» атты мерекелік іс-шараға оқушылар жоғары деңгейдегі дайындықпен атсалысты.
2 маусым күні мектеп жанындағы «Балауса» лагерінің ашылу салтанаты өтті. «Бала — өмір гүлі» мерекелік сазды бағдарламада оқушылар өнер көрсетті.
3 маусым күні «Астана — әсем қала» атты тақырыпта мәдени орындарға балалардың танымжорық жасау сәті ұйымдастырылды. Олар Бәйтерек монументі жәнее «Атамекен» этномемориалды кешеніне танымжорыққа барып, серуендеп, білім көжиектерін кеңейте түсті.
«Бәйтерек» және «Атамекен» картасына оқушылардың танымжорық сәті
6 - пункт:
21 мамыр күні мектеп инспекторы Мырзажанова Меруерт Махамбетовна «Бала құқығын қорғау және еңбек туралы заң» тақырыбында 5-10 сынып оқушыларына дәріс сағатын өткізіп, ақпарат берді. Оқушыларды түрлі жағдайлардан сақтандыру, қауіп-қатердің алдын алу мақсатында сенім телефоны туралы ақпарат берілді.
9-пункт:
Мектеп жанындағы лагерь оқушыларының қатысуымен «Біз бақытты баламыз!» атты флэшмоб сайысы ұйымдастырылды.
30 мамыр күні 5-10 сынып оқушылары аралығынан 80 оқушы республикалық деңгейдегі дәстүрлі «Жұлдызай» фестиваліне қатысып, атсалысты. Флэшмоб «Нұр желек жолы» алаңында өтті.
17-пункт:
9 маусым күні «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында балалардың шығармашылық сурет байқауы өткізілді. Оқушылар тақырып аясындағы өз ойларын қағаз бетіне түрлі өрнекпен түсіріп, бейнеледі. Үздік жұмыстар арнайы тақтаға ілініп, оқушылар назарына ұсынылды.
20-пункт:
Мектеп кітапханасына бала құқығын қорғауға қатысты құқықтық -нормативтік құжаттары бойынша көрме жасалып, әдістемелік тұрғыдан оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар назарына көмек ұсынылды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"