Қызыққа толы күндер
Арқан тартыс – Наурыз мейрамы кезінде жиі ойналатын ұлттық ойын түрі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Қатысушылар саны – 10-12 адам. Ойынды басқарушының берген нұсқасы бойынша сапта тұрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап, қатар санын сол жақ шетіне дейін санап шығады.
Осындай арқан тартыс ойынымен бастаған дене шынықтыру пәні мұғалімі: Құсабаев Серік балаларға ойын шартын түсіндіріп, 4 топты жарыстыра білді. Ойын эстафеталық ойындармен жалғасын тапты. 1.Фишка жинап ұпай санын арттыру. 2.Орындық астынан өтіп жүгіру. 3.Допты жерге қағу арқылы келіп, қайтар жолда жай ақырын жүгіріп келу. 4. топтық арқан тартыс. Қортындылау уақытында "Солнышко" тобы барлық жарыстан сүрінбей өтіп жеңіске жетті. 2 - орын "Гүлдер" тобына бұйырды. "Балапан" тобы мен "Гүлдер" тобы соңғы 3-орынға ие болды.Балалардың барлығы белсенді қатысып, көңілді оралды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии