Мектебімізде 9 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен осы тақырыпта салтанатты тізіліс болып өтті. Оған мектеп ұстаздары, 9 сынып оқушылары, мектеп жанындағы "Күншуақ" лагерінде демалыста жүрген бүлдіршіндер қатысты.
Салтанатқа қатысушылар мемлекет Гимнін асқақтата орындады. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Молдаханова Алтынай Сайлауқызы мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің Тәуелсіздігіміздің басты айғағы мен тірегі екендігіне тоқталды. Оқушылар ойларын ортаға салып, өлендер оқып, патриоттық әндер орындады.
З.Кажгереева, аға тәлімгер
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"