23.05.15 ж. Астана қаласының № 59 мектеп – лицейінде 5 - 7 сыныптар арасында «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді.Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды.
2014 -2015 оқу жылын 5 – 7 сыныптар арасында 91 оқу озат бітіріп , мақтау қағаздармен марапатталды. Құттықтау сөз директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жапина К.И. берілді.Лицейдің мәртебесін асқақтатып, республика, қала көлеміне танытып жүрген, түрлі білім, спорт сайыстарының жеңімпаздары шеруленіп, мадақталды.Соңғы қоңырауды соғуға Кіші Ұланбасы, 7 «Б» сынып оқушысы Аманбай Мади мен 5 «В» сынып оқушысы, оқу озаты Нұрланқызы Айшаға берілді.