21 мамыр күні мектептегі "Туризим және экология" үйірмесінің мүшелерімен Қабанбай батыр бабамыздың кесенесіне 5 сынып оқушылары барып қайтты. Кесене басында оқушылар бабамыздың рухына құран бағыштап, өздерін толғандырып жүрген батыр жайлы сұрақтарға жауаптар алды. Мектептегі тәрбие ісі жөніндегі Л.С.Аппазова оқушыларға батыр бабамыз туралы естелік әңгімелер айтып өтті. Бұл саяхат оқушыларға үлкен әсер қалдырды рухани жағынан өздеріне тәлім алды.
Оқушылар кесене басындағы алған әсерлерімен басқада сынып оқушыларымен бөлісті. Ұлттық патриоттық
санамызды көтеру үшін осындай саяхаттар бұдан кейінде жалғасын таппақ.
Үйірме жетекшісі: Набиева Б.Қ