ОСКО - Республикалық олимпиадасы
Мектебімізде 2015 жылдың 15-16 мамыр күндері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының адами капиталды дамытудағы рөлі» атты республикалық форум және ҚР кіші ғылым академиясының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша он бесінші республикалық ауызша командалық олимпиадасы жоғары деңгейде өтті. Олимпиада ҚР Кіші ғылым академиясы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Олимпиадаға Астана, Алматы, Қызылорда, Екібастұз және Алматы, Жамбыл облыстарынан оқушылар қатысты.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии