Мектебім – білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған төрт жыл бойы ата - анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп біл - дей келе
16.05.2015 жылы №65 мектеп гимназиясында 10 бастауыш 4-ші сыныптар жалпы саны 254 оқушы бастауыш сыныптарымен қоштасу кешін өткізді. 4-ші сыныпты бітіруші әр оқушы өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, сахнада өз ерекшеліктерімен білім берген барлық ұстаздарына жылы лебіздерін білдірді. Бұл кешке бастауыш сыныбын бітіруші барлық оқушылардың ата - аналары мен білім берген ұстаздары да қатысып оқушыларға ыстық лебіздерін білдіріп, алғыс хаттармен марапаттап, жүрек жарды ак тілектерін арнады. Кеш көңілді, ерекше әсерге толы болып өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"