Бастауыш сыныппен қоштасу
16 мамыр күні бастауыш сыныптар бойынша 4 «А» сынып оқушыларының
«Бастауышым балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу мерекесі болып өтті. Сынып жетекшісі Абишова Фарида Рахымқызы 1 сыныптан бері білім нәрін беріп енді міне, азамат болған шағында үлкен буынға аттандырып отыр. Оқушылар тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатындарын өлең жолдарымен көрсете білді. Бұл мерекеде барлығы өз өнерлерін көрсете білді. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына үлкен рахмет айтамыз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии