Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Әрқашан күн сөнбесін!»

    Бұл күндері барлық шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналып отыр.  Соның бірі Жеңіс мерекесінің қарсаңында №65 мектеп-гимназисында 5-сыныптар арасында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты мерекелік шара өтті. Оқушылар қолдарына «Біз ешкімге тимейміз, Тигенге бас имейміз!», «Бәрі де Жеңіс ұшін!», «Қазақ елі мәңгі жасасын!» т б ұрандар ұстап сап түзеді. Топ басшылары тәлімгерге  сыныптардың мерекелік жиынға дайын екедігі туралы мәлімдеме жасады. Содан кейін әр сынып ән шырқап, жыр оқыды, би билеп, Ұлы Отан соғысының батырлары туралы әңгімеледі. 5 «Е» сыныбы шырқаған «Жас ұландар әні», 5 «А» сыныбы шырқаған «Песня о мире» әндері залды жаңғыртып жіберді. 5 «Ә» сынбы және 5 «в» шәкірттері    Қ Мырзалиевтің «Біздікі – Жеңіс!» өлеңі  мен «Бейбітшілік» тақпағын мәнеріне келтіріп оқыды. 5 «Д» сынып ұлдарының «Сарбаздар биі» мен 5 «Б» қыздары билеген «Морячка» билері  де көрермендерге ұнады. Жиын  мұрагерлердің антымен аяқталды.

Ұлы Отанды сүюге 

                    -Әрқашан да дайынбыз!

Ерлерше өмір сүруге

                     -Әрқашан да дайынбыз!

Атамекенді қорғауға

                    -Әрқашан да дайынбыз!

Бабалар өсиетін орындауға

                    -Әрқашан да дайынбыз! -деп серт еткенде зал жаңғырығып кетті.

Жиынды зейнеткер мұғалім Өтеғалиева Мәриям Мәдиқызы дайындап өткізді.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"