Меню KDT

Новости

Главная Новости

Бақыт гүлін терген күн!

  6 мамыр 2015 жылы  Астана қаласы  №52 мектеп – гимназиясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Соғыс және тыл ардагерлерімен – «Бақыт гүлін терген күн!» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сейсенбеков Жакен мен Есенбеков Бейсенбек аталар,  тыл ардагері Каленова Жамал және ардагерлер одағының төрайымы Еспембетова Мауия Алимбекқызы қатысты.  Кездесуді мектеп директоры Байтасова Ұ.Б. майдангерлер мен барша халықты Ұлы мерекемен құттықтаумен ашты.  Ұйымдастырушы  9 «Б» сынып оқушылары ардагерлердің қызықты әңгімесін тыңдап, сол қиын қыстау кездерді еске салатын соғыс әндерін орындады, ән – күймен, сахналандырылған көрініспен көрермендердің көңілін толқытып, патриоттық сезімге бөледі.

 

Сыныптағы 24 оқушының барлығы үлкен  жауапкершілік пен шығармашылық шабытта еңбек атқарды. Жүргізушілер Ермек Дидар мен Айтжан Қуандық үлкен толқыныспен, әсерлі ырғақпен әр тыңдаушының жүрегін тебіренте білді. Гитарамен сүйемелдеген Жанна мен Фатиманың «Катюша» әні, Ержанның орындауында «Ерке сылқым» күйі ерекше әсер қалдырды. Ал Рузаева Мадинаның үйретуімен шыққан «Смуглянка» әнінің ырғағына салынған биі нағыз хореографтың дайындағанындай көп элементті биінен кем болған жоқ. Сахналандырылған «Землянка»  мен «Бейбіт күн тілегі» әндері кездесу кешін қорытындылады. 9 «Б» сынып оқушылары ардагерлерге арнаған сыйлығын табыс етіп, ардагерлердің ризашылығын алды.


 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"