Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні аясында мектепте 30 сәуір күні «Достығымыз жарасқан» атты мерекелік концерт өтті. Концертте әр ұлттың әндері шырқалып, мың бұралған билері биленді. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай беретініне тілектес өнерпаздар өнерлерін ортаға салды. Қазақстан халықтарының бірлігі күні құтты болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии