Меню KDT

Новости

Главная Новости

Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған №38 мектеп-лицейі оқушылары үшін бұл мейрамның орны ерекше.

1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні

         Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел, мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.  Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған №38 мектеп-лицейі оқушылары үшін  бұл мейрамның орны ерекше.

         Жыл сайын атаулы мерекеде мектеп оқушылары Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері, киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын өздерінің әр ұлттың  әсем билері арқылы көрсетіп  тойлайды. 5-7 сыныптар арасында өткен флешмоб сайысында әрбір сынып тиянақты дайындалып өздерінің сынып жетекшілерімен билеп мерекенің көркін аша түсті. Сайыс қорытындысы төмендегі орындар бойынша марапатталды:

 

- 5 "А" сыныбы: ІІ орын, орыс ұлты;

- 5 "Ә" сыныбы: ІІІ орын, өзбек ұлты;

- 5 "Б" сыныбы: І орын, корей ұлты;

- 5  "В" сыныбы:  алғыс хатпен марапатталды, ұйғыр ұлты;

- 5  "Г" сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, түрік ұлты;

- 5  "Ғ" сыныбы: І орын, араб ұлты;

- 6  "А" сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, сыған ұлты;

- 6  "Ә" сыныбы: Бас жүлде, украин ұлты;

- 6  "Б"  сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, қазақ ұлты;

- 6  "В"  сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, әзірбайжан ұлты;

- 6  "Г"  сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, үнді ұлты;

- 7  "А" сыныбы: ІІ орын, африка ұлты;

- 7  "Ә" сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, грузин ұлты;

- 7  "Б" сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, ковбой ұлты;

- 7  "В" сыныбы: алғыс хатпен марапатталды, қырғыз ұлты.

         Әр сынып өз ұлттарының ұлттық билерін көрсете отырып, Қазақстанда тұратын әрбір ұлт өкілдерінің тату-тәтті бір шаңырақ астында бейбіт өмірдің жалғасатындығын қуанышты бірлік биімен аяқтады.

 
 
 
 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"