Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шара аясында Астана қаласы № 52 мектеп – гимназияның 9 «Б» сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының ардагері, 90 жастағы Нұрмағанбетов Қабылтай атаның үйіне барып, қарияның басынан өткен оқиғаларын тыңдады. Көпті көрген Қабылтай ата оқушыларға әрқашан адал, тату болыңдар деген ақ тілегін білдірді.
Уақыт өткен сайын саны азайып, олардың ерлігі жайлы тек тарихтан оқып білетін жас ұрпақ үшін көзімен көріп, бейбітшілік өмірді сыйлаған ардагермен сұхбаттасу үлкен бақыт.
![]() |
Кездесуден алған әсерін Серікбек Бергенжан келесі өлең жолдарымен білдірді:
Ардагерлер – ардақтылар, ағалар,
Ардагерлер – асқар таудай аталар,
Ерінбестен тер төгіп еңбек еткен,
Ел қорғаған батыл, батыр адамдар.
Сынып жетекшісі: Г.А.Асанова
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"