«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.
Біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Мектебімізде де осы аталмыш мереке тойланып өтілді. 15 сынып 15 ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, салт-дәстүрлерін көрсетіп, әнін шырқап, биін биледі.
6 «Б» сыныбы тәжікше би билесе, 5 «А» ағылшын тілінде ән шырқады. Дәл сондай түркі халқының ұлттық биін билеген 5 «Ә» сыныбы көрермендердің көңілін көтерді. 7 «Г» сыныбы қырғызша өнер көрсетті. 6 «Ә» сыныбы орыс халқының «Катюша» әнімен, 5 «В» сыныбы украин халқының салт-дәстүрінен үзінді ән шырқай отырып, салт-дәстүрін көрсетіп ортаға билей шығып залды көңілдендіріп билетті. 7 «ә» сыныбы қыздары үнді халқының ұлттық биімен шығып көреремендерді тамсандырды. 6 «В» сыныбының цыган қыздарыда бұл тұста үнді қыздарынан қалыспады. 7 «А» сыныбының өзбек қыздарыда үнді, цыган қыздарынан кем түспеді. 5 «Б» сыныбы оқушылары немістің туымен ортаға шығып, неміс биін көңілді билеп берді. 6 «А» сынып қыздары қытай қыздарынан кем түспей, биін билегенде зал орындарынан тұрып қошемет көрсетті. 5 «Г» сыныбының ұлдары мен қыздары Беларусь елінің биімен билеп, 7 «В» сыныбы дініміз бен ұстанымымыз ұқсайтын араб елінің дәстүрлерін слайдпен көрсетіп, қыздары мың бұрала билеп, 5 «Д» сынып ұл, қыздары татар халқының әнін шырқап көрермен көзайымын алды. Кештің соңын 7 «Б» сыныбы барлық ұлт өкілдерін жатырқамай бір тудың астына жинап, қонақжайлылық танытқан өзіміздің тәуелсіз Қазақ еліміздің салт-дәстүрін көрсетіп, «Алға Қазақстан!» әнімен аяқтады.
Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"