Балаға мейірімді мектеп
1-10 сынып аралығында мектепішілік "Балаға мейірімді мектеп" атты сурет байқауы басталды.
- мейрімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту;
- мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Сайысқа қойылатын талаптар:
- Сурет А3 форматта болу керек
- Бояуы қанық әрі нақты тақырыпқа сай болуы шарт
- Суретте мейірімділік, сүйіспеншілік, сұлулық, жан жылулығы байқалуы керек
- Салынған суреттің астына оң жағына қатысушы туралы мәлімет (аты-жөні, сыныбы компьютермен) толық жазылуы керек.
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен
лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы
сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады”.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии