Мақсаты:Оқушыларды Қазақстан Қарулы Күштеріне қызмет етуге мектеп қабырғасынан бастап дағдыландыру, Отанға, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушылардың бойында патриоттық сезімдерін қалыптастыру. «Отанды қорғау-Қазақстан Республикасы азаматының борышы мен міндеті» ұғымын түсінулеріне баса мән беру.
Мектебіміздің тәрбие істер жөніндегі меңгерушісі Темирова Дамет Махметқызы оқушыларға ақ тілегін айтып салтанатты жиынды ашып берді.
Жиынға 5-10 сынып оқушылары толықтай белсенді қатыса білді. Ережеге сай оқушыларымызда нақ әскердей әскери киім, пилотка,эмблемаларын дайындай келген. Сап түзеуде бұйрық беріп, жүргізіп отырған алғашқы әскери дайындық мұғалімі Хасенов Темірбек оқушыларға алдын ала сап түзеуді үйрете білді. Оқушылардың барлығы әскери ұйымдастырушыға әмір бере отырып оңға ,солға, айналу тәсілдерін нақты бере білді. Қорытындай келе 1 ауысым бойынша талапқа сай деп 10 сынып оқушылары 1 орынға иеленді. 2 орын 8 сынып оқушыларына бұйырды.
2 ауысым бойынша 6 "А" сыныбы ережені бұлжытпай орындау барысында 1 орынға ие болды. 2 орын 5 "Ә" сыныбына бұйырды. 3 орынға 7 сынып оқушылары иеленді. Салтанатты жиында өткен аптадан бері өткізіліп отырған "Ардагерге хат" хат жазу байқауы мен сурет сайысы қорытыланды. Өте жақсы сурет салғандар деп 7 "В" сынып оқушысы: Кобрин Данил, 9 "В" сынып оқушылары,6 "В" сынып оқушылары, 6 "Б" сынып Жүсүпбекова Назира, 8 "Б" сынып оқушысы Теміржанова Алтынай, 8 "Б" сынып оқушысы Бекпосыноа Азамат, 5 "А" сынып оқушысы Ерканова Гүлдана өте жақсы орындарға ие болып мақтау қағаздарымен мараптталды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"