Меню KDT

Новости

Главная Новости

2015 жылдың 18 сәуірінде №38 мектеп-лицейіне есімдері тарихта мәңгі аңыз болып қалған, ерен ерліктің үлгісі бола білген ардагерлер қонаққа келді.

"Сарғайса да тарихтың ақ парағы- ол күндер мәңгі есте сақаталады"атты ардаргерлермен кездесу кеші

                2015 жылдың 15 сәуірінде №38 мектеп-лицейіне есімдері тарихта мәңгі аңыз болып қалған, ерен ерліктің үлгісі бола білген ардагерлер қонаққа келді. Мектеп оқушыларының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, сол бір сұрапыл жылдарды қайта еске алып көздеріне жас ұялатты. Алматы ауданы бойынша "Ардагерлер" кеңесінің төрайымы Ахметова Зәуре Жанғалиқызы бастап келген ардаргер және тыл еңбекерлері Муханов Шаймұхан  94 жаста, ҰОС ардагері, Каримов Жүнісбек 89 жаста, ҰОС ардагері, Байкенова Ризагүл 92 жаста, ҰОС ардагері, Каримова Тапура тыл еңбегінің ардагері, Сейітов Орынғазы 80 жаста, тыл еңбегінің ардагері, Жанзакова Роза 78 жаста, тыл еңбегінің ардагері. 

         Айжан Кәдіржанқызының жетекшілік еткен  10 сынып оқушыларының қойылымымен ашылған концерттік бағдарлама, мектеп ұстаздары  Азамат Көшкінбайұлы және  Динара Мейрамбекқызының орындауындағы  "Синий платочек " әнімен жалғасты.  3 сынып оқушылары ардагерлерге жырдан шашу шашса, информатика пәнінің мұғалімі Қадырғазы Қамалұлы "Жас қазақ" әнін  домбырамен әсем шырқап берді. Кеш соңы мектеп-лицей директоры Жамал Базарқұлқызының ардагер ата-апаларымызға денсаулық тілеп, бүгінгі бейбіт күннің себепкері өздері екендігін атап өтіп, әдемі тілегімен аяқтады. Бейсенов Шыңғыстың орындауындағы  "Ұлы Жеңіс" әні әрбір жас ұрпаққа ұран бергендей әуезді орындалып, кеш шымылдырығын рухты әнмен жапты.

         Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмылды. Тарихтың қай тұсында болмасын, ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың алдында бүгінгі ұрпақ бас иіп, ТАҒЗЫМ етеді.

 
 
 
   

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"