Меню KDT

Новости

Главная Новости

Бұл күндердің даңқы өшпейді

Жеңіс мерекесі – бейбітшіліксүйгіш бүкіл адамзат қауымының мерекесі. Жеңіс күні – Ұлы мереке. Өйткені бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Жеңіс күні –адамзат аңсап күткен күн. Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету парызымыз.
17 сәуір күні мектебімізде Ұлы Жеңіске 70 жыл толу мерекесіне орай Отан алдындағы азаматтық борыштарын тылда еңбек етіп, маңдай терлерін төккен, қазіргі бейбіт өміріміздің орнауына елеулі үлестерін қосқан тыл ардагерлерімен кездесу өткізілді. Көк аспанымызда жеңіс туының желбіреуіне үлкен елеулі үлестерін қосқан тыл ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. Мерекелік концертіміздің шымылдығын мектеп-гимназиямыздың директоры Умарова Алма Қаирбулатқызы ашты. Алма Қаирбулатқызы тыл ардагерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, бүгінгі ұрпақтың бейбіт те тыныш өмірі осы ардагерлеріміздің арқасында екенін құрметпен айта келіп, шын жүректен үлкен алғысын білдірді.
Мерекелік медальді ардагерлеріміздің кеудесіне Алма Қайрбулатқызы құрметпен тақты.






Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"