Меню KDT

Новости

Главная Новости

Біз таза қаланы қолдаймыз!

13 сәуір  мен 13 мамыр  аралығында  жалпықалалық  тазалық  күніне  арналған «Біз  таза  қаланы қолдаймыз» атты 5-11 сыныптарда сынып  сағаттары жоспарланып, өткізілуде. Апта  сайын  бастауыш  сынып  оқушылары  өздері  білім  алатын  сынып  бөлмелерін  гигиеналық  талапқа  сай  тазартып  отырады. Биология сабағында  «Жасыл  желек»  үйірмесінің  мүшелері  мектептегі  бөлме  гүлдеріне  баптау  жұмыстарын  үйірме жетекшісі: Г.Самарханованың  ұйымдастыруымен  баптап  отырғызылуда. Технология  сабағында  оқушылардың  еңбекке  деген  сүйіспеншілігін  арттыру  мақсатында  мектеп  ауласындағы   ағаштардың  түптерін    қопсыту,  тазалау  тыңғылықты  жүргізіліп  отырады. «Біз  таза  қаланы  қолдаймыз»  атты  қалалық  экологиялық  сенбілік  өткізу  туралы    бұйрық  Ж.Жабаев  атындағы №4мектеп-гимназиясының  ұжымының  арасында  қолдау  тапты. Мектеп  оқушылары   сынып  бөлмесін  тазалау,  мектеп  ішін  тазалау, мектеп  ауласын  тазарту,  жасыл  желекке  қамқорлық  жасап,  отырғызылған  көшеттерді  әктеу,  қопсыту, суару  сияқты   көгалдандыру  жұмыстарын  тиянақты  атқарды. Сенбіліктің  талапқа  сай, жоғары  деңгейде  ұйымдастырылуына  сынып  жетекшілерінің   ықпалы  зор  болды.
Сенбілікке қатысқан мұғалімдер саны - 67,
қызметкерлерден - 15 адам шықты.
Барлық қатысқан оқушылар саны – 952. Барлығы: 1034 адам қатысты.

 




 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

0

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"

1

Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"